Асхат Садырбай жапа шеккен Арыс жұртына көмектесу үшін базар аралап жүр (видео)
Жарияланған күні:
Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге қол ұшын беру үшін Шымкентке арнайы ұшып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналист Instagram желісіндегі парақшасында Арыста болған төтенше жағдайды ауыр қабылдағанын айтты.
Ол бей-жай қарап отыра алмайтынын жеткізіп, қазір сөз таластыратып, айтысатын уақыт емес екенін алға тартты.
Тележүргізуші көмектесе алмайтындардан үйде отырып дұға жасауды сұрады.
"Ал, біз еріктілер тобын құрып Шымкентті және басқа да аймақтарды паналаған жандарға жәрдемдесеміз! Келіңіз, қосылыңыз! Егер келе алмасаңыз 10 теңге болса да садақа беріңіз. Карточка номері: 5169 4931 6546 8375 (Kaspi GOLD Данияр Биназарұлы). Түскен қаржының тиынына дейін есеп беріледі", - деді журналсит.
Асхат Садырбай бүгін Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып келгенін тілге тиек етіп, кешеден бері 1,5 млн теңгедей қаржы жиналғанын жеткізді.
"Ол сіздердің ақшаларыңыз. Қазір Шымкенттеміз. Келіп жағдайды білдік. Адамдар өте көп. Үйлерінен шыққан бойда қашқан. Киім кешек балалар мен үлкендерге қажет. Дәл қазір базарға келдік. Осы жерден қажетті заттарды аламыз", - деді тележүргізуші.
Журналист көпшіліктің жіберген қаражатына киім-кешек алғанын айтты.
Оның айтуынша, қажетті заттар Шымкент қаласындағы үлкен мешітке, сондай-ақ мектепке жеткізіледі.
Сондай-ақ, Асхат Садырбай әлі де ақшаның толассыз түсіп жатқанын, арасында қомақты қаржы жіберіп жатқандар да бар екенін алға тартты.
Тележүргізуші Арыс қаласына бір топ журналистің аттанғанын, өзі базарда жүргендіктен бара алмағанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801512-ashat-sadyrbaj-zapa-sekken-arys-zrtyna-kmektesu-sin-bazar-aralap-zr-video/