RU

Қырғызстан президенті Арыстағы жағдайға байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Сооронбай Жээнбеков. Фото с сайта: kaktus.media
Сооронбай Жээнбеков. Фото с сайта: kaktus.media: Facebook

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.   

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. 

Еске сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801585-kyrgyzstan-prezidenti-arystagy-zagdaj-bajlanysty-kil-ajtty.html