Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыстан екі адам қаза болған

Опубликовано:

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырсын ашып, Арыстағы жарылыстан қаза болғандар мен зардап шеккендердің санын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото NUR.KZ. Арыстағы жарылыс. Кадр instagram.com-дағы видеодан
Иллюстрациялық фото NUR.KZ. Арыстағы жарылыс. Кадр instagram.com-дағы видеодан: Instagram

Үкімет басшысының сөзінше, оқиғадан екі адам көз жұмаған.

"Өкінішке орай, қаза болғандар бар: Бірі азаматтық тұлға, екіншісі әскери қызметкер. Олардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабардар етті Мамин.

Ол мемлекет басшысы оқиға орнына барғанын, тапсырмалар бергенін атап өтті.

Сонымен қатар бұл жағдайға қатысты тиісті шаралар қолға алынғанын, Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшірлегенін де айта кетті.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801413-arystagy-zarylystan-eki-adam-kaza-bolgan/

pixel