Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы оқиға: Саперлер бір күнде 16 көшеден 70 снаряд жинады

Опубликовано:

24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласында әскери бөлім қоймасында орын алған жарылыстан соң саперлер қаланы снарядтардан тазарту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Бір күнде қала көшелерінен 70-тен астам жарылмаған снаряд табылған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арыстағы оқиға: Саперлер бір күнде 16 көшеден 70 снаряд жинады
Снарядтардан тазалау жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Түркістан облысында өткен брифинг кезінде мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігінің күшімен қала аумағы бойынша қоршау жұмыстары ұйымдастырылған.

Оған Қазақстан Қарулы күштері жеке құрамының 800 адамы, 50-ден астам әскери техника жұмылдырылған.

«150-ге жуық сапер қала көшелерінде, темір жол бойында және әскери бөлімге іргелес аумақта тазалауды жүзеге асыруда. Қалада және іргелес аумақта радиациялық көрініс қалыпты жағдайда.

Жарылмаған снарядтардың тұрғын үйлерге түсуі мина жою жұмысын күрделендіре түсуде.

Мұндай үй-жайларға саперлерді жіберу прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы билік органдары қызметкерлерінің бірлесе жүруімен жүзеге асырылады», - деп атап өтті вице-министр.

Ведомство өкілінің мәліметінше, оқ-дәрі қоймасының 90 пайызының көзі жойылған. Олардың қатарында қауіптілігі жоғары зымырандар да бар.

«Ауада ұшқышсыз үш аппарат ұшырылып, өрт ошақтарын бақылауда. Бүгінгі күні 3 өрт орны анықталды. Тұрақты қауіпті жағдай сақталуда.

1-2 күнде саперлер қала көшелерін тазалау жұмыстарын толықтай жүргізеді. Қазіргі таңда жиналған снарядтар қаладан шығарылып жатыр.

Кейін темір жол қатынасы іске қосылады. Содан соң тұрғындардың шаһарға келуіне рұқсат беріледі», - деп атап өтті Бақыт Құрманбаев.
Арыстағы оқиға: Саперлер бір күнде 16 көшеден 70 снаряд жинады
Бақыт Құрманбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әзірге тұрғындарға қалаға кіруге рұқсат жоқ. Дегенмен Арыс көшелерінен жергілікті тұрғындарды көруге болады. Құқық қорғау қызметкерлері олар арнайы рұқсатпен үйлеріне құжаттарын алып кету үшін келгенін жеткізді.

Ал енді бірі Арыстағы ахуалдың қауіптілігі туралы қаншама түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен, қаладан шығуға асығар емес.

Қорғаныс министрінің айтуынша, жарылыстың әскери бөлімнің қай тұсынан шыққанын, оған кімдердің кінәлі екенін әзірге айтуға ерте.

Тергеу жұмыстары басталып кеткен. Соның қорытындысымен ғана белгілі болады.

Ал жойқын жарылыс кезінде үйінен және өзге де мүліктерінен айырылған тұрғындардың шығыны өтеледі. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, көлемі нақтыланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801611-arystagy-okiga-saperler-bir-knde-16-kseden-70-snarad-zinady/

pixel