Выйти
RU

Ақтөбеде автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі президент резиденциясының алдында №29 бағыттағы қоғамдық көлік КамАЗ автокөлігімен түйісіп, бір адам көз жұмды. Оқиға орнына өңірдің бас дәрігері барған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жолаушылар автобусы жол апатына түсіп, бір адам қаза болды (видео)

Фото: Видеодан алынған кадр/instagram

"Жедел жәрдем ауруханасына 9 адам жеткізілді. 56 жастағы әйел адам ауруханаға жатқызылды. Оның миы шайқалып, қабырғасы сынып, өкпесінен жарақат алған.
Жеткізілген тағы бір адам хирургияға жатқызылды. Қалған жеті адам үйлеріне жіберілді",-деп хабарлайды жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Әскербекұлы.

ІІД жол-көлік оқиғасында бір адамның көз жұмғанын растайды. Қылмыстық іс қозғалған.

"15 адам зардап шекті. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа болмаған. Бір адам қаза болды. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза болды (видео)