Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы аласапыран: Әскери база өзге аумаққа көшірілмекші

Опубликовано:

Арыстағы жойқын жарылыстан кейін әскери база өзге аумаққа көшірілетін болды. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында өткен брифинг кезінде белгілі болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: mir24.tv
Көрнекі фото: mir24.tv: UGC

Тағы оқыңыздар:

Арыстық жұрттың шеруі: Шымкентте бүгін не болды? (фото, видео)

Шөкеев: "Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып бер" деген талап қисынсыз

"Алла емеспін": Әбдірахымов арыстықтарға қолдан келгенін жасап жатқанын айттыҚР

Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасындағы оқ-дәрілердің 70 пайызы азайған.

Әскери базаны өзге аумаққа көшіру - күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі. Жақын күндері ол өз шешімін табады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыста енді мұндай жарылыстың м8лдем болмайтынын кесіп айтты.

"Мемлекет басшысы базаны алып тастау туралы нақты тапсырма берді. Мен тапсырма орындалуы тиіс деп ойлаймын. Енді Арыс қаласында мұндай төтенше жағдай ешқашан болмайды", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс тұрғындарының үйлеріне 28 маусым күні қайта алуы мүмкін екені хабарланған еді. Қалада су және электрмен жабдықтау қалыпқа келтіріліп, арнайы мамандар елдімекенді дезинфекциялауды бастады.

Сондай-ақ, Түркістан обылысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жойқын жарылыстың салдарынан қирап қалған қаланың бір айда толығымен қалыпқа келетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801992-arystagy-alasapyran-skeri-baza-zge-aumakka-ksirilmeksi/

pixel