Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыс қаласында су және электрмен жабдықтау қалыпқа келтірілді

Опубликовано:

Арыс қаласы әскери бөлім аумағындағы жарылыс салдарынан елді мекенді басқан снарядтардан 70 % тазартылды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының алдын ала ақпаратына сәйкес, тазарту жұмыстары апта соңына қарай аяқталады. Сол уақытта қала тұрғындары үйлеріне орала алады.

Қазіргі уақытта 16 қалалық көше және 11 шақырым темір жол тазартылды. Сондай-ақ, Арыс қаласында тағы да су беру мен электр қуатымен қамтамасыз ету қалыпқа келтірілді.

Айта кетейік, осыған дейін Арыста зардап шеккен тұрғындар басқа қалалардан үй мен пәтер беруді талап еткен болатын.

Халықпен кезлесуге келген Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте мүгедектер мен табысы төмен 130 мың адам үй кезегінде тұрғанын айтты.

Кейіннен көпшілік мешіттен шығып, Шымкент орталығына бет алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801961-arys-kalasynda-su-zne-elektrmen-zabdyktau-kalypka-keltirildi/

pixel