RU
"60 градус ыстық": Қызылорда тұрғындары бауырсақты отсыз-ақ пісіруде

"60 градус ыстық": Қызылорда тұрғындары бауырсақты отсыз-ақ пісіруде

Рассказать Вконтакте

Желіде Қызылорда тұрғынының бауырсақты қазанда отынсыз-ақ, күннің сәулесімен пісіріп жатқан сәті пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Қызылорадалық мастер-классты өзінің ауласында көрсетті.

Кадрдан отынсыз қазандағы маймен бауырсақтың пісіп жатқанын байқауға болады.

Әйел адам Қызылордада 60 градус ыстық болып тұрғанын атап өтті.

"Қазанды жерге қоясыз. Майды құясыз. Бауырсақты саламыз. Осылай пісіре береміз. Ешқандай қиындығы жоқ. Газ бен оттың да керегі жоқ. Бауырсақ жеу үшін Қызылордаға келіңіз", - деді мастер-класс өткізген ол.

Gismeteo сайтының ақпаратына сәйкес, Қызылордада шын мәнінде қатты ыстық ауа райы тіркелуде.

Синоптиктер аймақта 38-40 градусқа дейін күннің ыситындығын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
5
12
5
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel