Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шатыры жоқ үй мен сынған терезе: Арыс тұрғындарын қалай қарсы алды? (фото)

Опубликовано:

Арыс тұрғындары әскери бөлімдегі оқ-дәрілердің жарылысынан кейін бірнеше күн эвакуациялық орындарда тұрақтады. Бүгін, 28 маусым күні адамдар жартылай зардап шеккен қалаға оралуда. Елді мекендегі үйлердің көп бөлігі шатырсыз, терезелері сынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/theyakov
Фото: facebook.com/theyakov: Instagram

ТЖК басшысы Владимир Беккер жеке құрамға қайта оралған халыққа қажетті көмекті ұсынуды тапсырды.

Блогер Яков Федоров қазір Арыс қаласында. Ол өз Facebook парақшасында осыған дейін эвакуацияланған халықты туған қаласы қалай қарсы алғанын айтып, үйлердің суретін жүктеді.

Фото: facebook.com/theyakov
Фото: facebook.com/theyakov: Instagram

Суреттерден арыстықтардың үйіндегі жарылыстың салдары байқалады. Онда шатыры жоқ үйлер мен сынған терезелерді аңғаруға болады.

Фото: facebook.com/theyakov
Фото: facebook.com/theyakov: Instagram

Оралғандарға қауіпсіздік жадынамалары таратылып жатыр.

Тұрғындармен бірге үйге комиссия кіруде. Олар барлық қауіпсіздікті қайта тексеріп, зақымдануларды анықтап, актілер жасайды.

Блогердің сөзіне сілтеме берген Tengrinews.kz ақпаратына сәйкес, Арысқа қазір таратылатын ас, гуманитарлық көмектер тасымалданып жатыр.

"Негізінен, адамдардың көздері мұңды. Сонда да олар жағдайға түсіністікпен қарап жатыр. Полиция қызметкерлері мен еріктілер белсенді түрде көмек көрсетіп жатыр",- деді ол.
Фото: facebook.com/theyakov
Фото: facebook.com/theyakov: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802117-satyry-zok-j-men-syngan-tereze-arys-trgyndaryn-kalaj-karsy-aldy-foto/

pixel