RU

Тоқаев Көшербаевқа бірқатар тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевқа бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Қырымбек Көшербаевты президент әкімшілігі басшысының лауазымына тағайындадым. Әкімшіліктің жұмысын жаңғырту, орталық және жергілікті билік органдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау тетіктерін жолға қою жөнінде бірқатар міндеттер қойдым", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1802119-tokaev-kserbaevka-birkatar-tapsyrma-berdi.html