jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Теңіз" жұмысшылары желідегі бойжеткеннің суреті үшін шеруге шықты (видео)

    : Facebook

    Бүгін, 29 маусым күні, шамамен сағат 11.00-де "Теңіз" вахталық ауылында "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore" компаниясының қызметкерлері бойжеткенді "ерсі" суретке түсірген азамат үшін шеруге шықты деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    тенгиз
    Видеодан алынған кадрлар: Facebook

    Оқиға Құлсары қаласы Жылыой ауданынан 120 шақырым қашықтықтағы жерде болған.

    «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жиналып, ливандық Eli Daoud есімді азаматтың Whatsapp желісіне жариялаған суретіне байланысты наразалық білдірген.

    Профильде пайда болған суретте Eli Daoud қолына ұстаған рацияның антеннасын белгісіз бойжеткеннің аузына қаратып тұрғанын байқауға болады.

    Оқиға орнында уәкілетті органдардың барлық лауазымды тұлғалары және аудандық прокурор бар.

    Жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі, полиция департаментінің басшысы, ҰҚКД және облыс прокуроры ұшып кеткен.

    "Теңіз" жұмысшылары желідегі бойжеткеннің суреті үшін шеруге шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.