RU
Арыстағы жарылыс: 50 адам әлі ауруханада жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Арыстағы жарылыс: 50 адам әлі ауруханада жатыр

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 50 адам әлі де ауруханада жатыр. Ауыр жарақат алған төрт тұрғын Нұр-Сұлатан мен Алматы қалалырына жеткізілген. Бұл туралы науқастармен кездесу кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Виталий Аньков

Фото: Sputnik / Виталий Аньков

Министр қазіргі уақытта әлі 50 адамның ауруханада қажетті ем қабылдап жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар ауыр жарақат алған екі адам Нұр-Сұлтан қаласын жеткізілсе, тағы екі тұрғын Алматының емдеу мекемелеріне жатқызылған.

"Қажетті дәрі-дәрмек бар, медициналық көмек штаттық режимде көрсетіліп жатыр", - деді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, қазір Арыс халқына медициналық көмек көрсету үшін 17 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Бұл іске төрт жылжымалы кешен, Ұлттық сараптама орталығының 18 қызметкері мен екі жылжымалы зертхана жұмылдырылған.

Сонымен қатар, радиациялық бақылау тобы Арыс аумағын тексерген.

"518 зерттеу жүргізілді. Радиация деңгейі санитарлық нормаларға сай. Сондай-ақ жарылыс аумағындағы жер қыртысы тексерілді", - деді Біртанов.

Сондай-ақ, министр атмосфералық ауа елуге жуық рет тексерілгенін мәлімдеді. Мамандар микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар да нормаға сай болып шыққан.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel