RU

Ауыр жағдайда жатқан арыстық балалар Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Нұр-Сұлтандағы №2 ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов Арыстағы жарылыстан зардап шегіп, Шымкенттегі ауруханадан жеткізілген екі баланың жағдайы туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: mordovmedia.ru
Фото: mordovmedia.ru: UGC

Санавиация борты 28 маусым күні екі баланы Нұр-Сұлтанға жеткізді. Олар бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

"Жағдайы тұрақтанғаннан кейін бір бала нейрохирургия бөліміне ауысты - 2005 жылы туған бала есін біледі.

Екіншісі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр - 2011 жылы туған бала ес-түссіз жатыр.

Екеуі де айтарлықтай жарақат алған. Екеуінің де бас сүйек-миы қатты жарақатталған", - деді бас дәрігер.

Балалармен бірге ата-аналары да ұшып келген. Балалардың жағдайына қатысты дәрігерлер әзірге болжам жасамайды.

Балалар нейрохирургия орталығы мен ауруханасының мамандарының қарауында толықтай ем алады.

Естеріңізге сала кетсек, 24 маусым Арыстағы әскери базада оқ-дәрілер жарылған еді. Адамдар зардап шегіп, бірнеше адам көз жұмды. Қала түгелдей эвакуацияланды. 28 маусым күні қала тұрғындары Арысқа қайтып оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1802483-auyr-zagdajda-zatkan-arystyk-balalar-nr-sltanga-zetkizildi.html