Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД Арыстағы адамдарды қалай және қайда эвакуациялап жатқанын айтты

Жарияланған күні:

ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті жарылыс салдарынан зардап шеккен қала тұрғындарын эвакуациялау мен өртті сөндіру үшін қандай жұмыстар жасалып жатқанын айтты деп хабарлайды ведостваның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: Depositphotos

Хабарламада тұрғындарды Арыстан жақын маңдағы Шымкент қаласы, Мұнтайтас, Қабылсай, Шағыр елді мекендеріне көшіріп жатқаны айтылды.

Шымкентте 170 жәбірленуші келіп жеткен 15 эвакуациялық нүкте бар.

Мұнтайтасқа 904 адам келіп түсті, алайда адамдар санағы әлі аяқталған жоқ.

Жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға Түркістан облысы, Шымкент қаласының төтенше жағдайдай департаменті мен полиция депатаменті, ЖАО қатысты. Сонымен қатар, барлық зардап шегушілер сумен қамтамасыз етілді.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: Depositphotos

Арыста хабарландыру жүйесінің екі сиренасы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек қалада қалдырылған мүлікті қадағалайтын және эвакуацияланған адамдарды елді меккеннен шығарып салатын тәртіп сақшылары белсенді түрде қызмет етуде.

Қаладағы тәртіпті тек полицейлер ғана қадағалап жүрген жоқ. Арысқа Шымкент қаласы ІІМ Ұлттық гвардияның әскери бөлімінен 500 адам келді.

Төтенше жағдай орнына ІІМ мен ЖАО күштері мен құралдары - жеке құрамның 1000 адамы мен 160 бірлік техникасы келіп жетті. Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының "Қазавиақұтқару" АҚ Еврокоптер ЕС-145 тікұшағы дайындыққа келтірілді.

Сондай-ақ жарылыс орнында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккер, қолбасшының бірінші орынбасары -"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы штабының бастығы генерал-майор Қаскеленов және ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары полковник Нұрмағамбетов бар.

"Қауырт желі" құрылды, оған 878 қоңырау түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801335-tzd-adamdardy-kalaj-zne-kajda-evakuacialap-zatkanyn-ajtty/