jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Арыста тұрғындар үйлеріне оралғаннан кейін де төтенше жағдайлар болған

    : UGC

    Арыс қаласының тұрғындары қалаға оралғаннан кейін де елдімекенде төтенше жағдайлар оқиғасының тоқтамағаны анықталды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: Instagram

    Өткен дүйсенбі, 24 маусым күні орын алған жарылыстан кейін Арыс қаласының көптеген тұрғыны 28 маусым күні үйлеріне оралды.

    Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовтің мәліметінше, содан бері қалада екі шаруашылық құрылысы мен екі дала өрті орын алған. Бұл төтенше оқиғалардың шығу себебі әлі анықталып жатыр.

    Департамент басшысы оның орын алуы ел арасында айтылып жүрген "жарылмай қалған снарядтардың салдарынан болды" деген әңгімеге еш қатысы жоқ дейді.

    Себебі, өрт кезінде ешбір снаряд қалдығы табылмаған.

    Сонымен қатар, Нұрғали Жүнісов 28-і күні таңғы сағат төрт жарым шамасында Арыстағы әскери бөлімшеге жақын аумақтағы тұрғын үйде өрттің болғанын да айтты.

    Ал тұрғындардың алғашқы легі қалаға тура сол күні таңғы сағат сегіздерде жеткізілді.

    ""Әлеуметтік желілерде жарылмай қалған жарылыпты, абай болыңыздар" деген ақпарат жүргенін білемін. Оған қатысты полицейлер де бізден сұраған болатын. Ол жердегі өртке электр желілерінің тұйықталуы ықтимал болуы мүмкін. Ешқандай снаряд бөлшегі табылған жоқ. Ол бізде құжатта тіркелген", - деді облыстық ТЖД басшысы.

    Жалпы айтқанда, өңірдегі төтенше жағдай қызметкерлері Арыста жарылыс оқиғасы орын алғалы бері 70 өрт орындарын сөндірген.

    Оның 25-і тұрғын үйде, 15-і шаруашылық құрылыс басында, қалғаны дала өрттері.

    Естеріңізге сала кетсек, желіде жарылыстан кейін тазарту жұмыстары кезінде жиналған снарядтардың видеосы пайда болған.

    Сондай-ақ, қорғаныс министрлігі Арыстықтарды тарс еткен дыбыстардан үйрейленбеулерін сұрады.

    Арыста тұрғындар үйлеріне оралғаннан кейін де төтенше жағдайлар болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.