Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар әкімі Ануар Күмпекеев денсаулығына байланысты демалысқа шықты

Опубликовано:

Павлодар әкімі Ануар Күмпекеев ресми түрде денсаулығына байланысты демалысқа шығып кетті. Бұл туралы Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Twitter

Айта кетерлігі, аппараттық отырыс кезінде өңір басшысы Болат Бақауов Павлодар әкіміне сенімсіздік танытқан. Алайда, Күмпекеевтің өзі ол жиынға қатыспаған еді.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Павлодар басшысы сенім ақтамағандықтан, тиісті құжаттарды президент әкімшілігіне жолдауды тапсырды. Бақауовтың бұл әрекетіне Күмпекеев тарапынан бюджеттік қаржыны дұрыс пайдаланбау себеп болған.

Еске сала кетейік, Әнуар Күмпекеев Павлодар әкімі болып 2018 жылдың 22 тамызында тағайындалған.

Бұған дейін ол Ақмола облысындағы Степногорск қаласын басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802916-pavlodar-kimi-anuar-kmpekeev-densaulygyna-bajlanysty-demalyska-sykty/

pixel