jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жан құрбысының бұрынғы күйеуімен көңіл қосқан бойжеткен сырын ақтарды

    : UGC

    Алтынай есімді атыраулық бойжеткен өзінің бала күнгі құрбысының бұрынғы күйеуімен жүріп жүргенін сөз етті. Оның айтуынша, төрт жыл отасқан ерлі-зайыптылар бір жыл бұрын ажырасқан екен. Өзін құрбысының жұбайын тартып алғандай сезінетін ару жұрттан ақыл сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: magiya.guru
    Фото: magiya.guru: UGC

    Атыраулық сылқым жан құрбысының төрт жыл отасқан жұбайымен көңіл жарастырғанын айтты. Оның сөзінше, ажырасқанына бірнеше ай толғанда ер азамат қызға өзі сөз салуға келген.

    "Досхан жақсы отағасы еді. Оған қарап үнемі күйеуім осындай болса екен деп армандайтынмын. Алайда қанша жерден жақсы болса да Ажармен жұбы жараспай, төрт жылдан кейін ажырасып кетті. Айырылысқандарына үш ай болғанда маған хабарласып, кездесуге шақыра бастады. Шынымды айтсам оның менде көңілі болады деп тіпті ойламаған едім. Ажармен қайта қосылу үшін маған келген екен деп ойладым. Оның жұп болайық деген ұсынысы мені қатты таңырқатты", - дейді ару.

    Бойжеткеннің сөзінше, бұрынғы жұбайының өмірінде біреу пайда болғанын білген әйел адам бірден бәрін қайтарғысы келетінін айтып, жігіттің артынан қалмай қойыпты. Тығырыққа тірелген сылқым енді қалай әрекет етерін білмей дал болыпты.

    "Айтуынша маған өз сезімін білдіруге жүрексініп жүріпті. Жақын құрбымды жоғалтып алуым мүмкін екеніне қарамастан мен де келісімімді бердім. Осылай қыз-жігіт болып жүргенімізде Досханның өмірінде Ажар қайта пайда болып, бәрін қайтарғысы келетінін айтты. Бірақ, ол енді бұрынғы жұбайының өмірінде мен бар екенімді жақсы білді.
    Сонда да үнемі ұялы телефонына хабарласып, жұмысына да барады екен. Бұл жайт мені қынжылтады. Енді не істерімді білмеймін. Досхан оған енді қайтып бармайтынын айтып әлек, дегенмен оның көңілінің түсіп жүргенін байқаймын. Енді не істерімді білмей қалдым" , - деп ағынан жарылды атыраулық бойжеткен.

    Жан құрбысының бұрынғы күйеуімен көңіл қосқан бойжеткен сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.