RU
"Әдейі өрт қоюы да мүмкін": Ермекбаев Арыстағы жарылыстың себептерін атады
Жаңалықтар Қоғам

"Әдейі өрт қоюы да мүмкін": Ермекбаев Арыстағы жарылыстың себептерін атады

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 24 маусым күні Арыс қаласында болған жарылыстың себептерін атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik Қазақстан/Ксения Воронина, Instagram/MISK_KZ

Фото: Sputnik Қазақстан/Ксения Воронина, Instagram/MISK_KZ

Жарылысқа не себеп болуы мүмкін екені жайлы министр журналистерге берген сұхбатында айтып берді.

"Салғырттық болуы мүмкін. Тез жанатын заттардың тұтануы, электр сымдардың тұйықталуы, тіпті әдейі өрт қоюы да мүмкін. Бүгінде біз бірде-бір себепті жоққа шығармаймыз. Сондықтан арнайы тергеу тобының жұмысы өз нәтижесін береді деген сенім бар", - дейді Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің сөзінше, тергеу амалдары бір айдың ішінде аяқталуы қажет. Соның нәтижесінде кінәлі адамдар қатаң жазаға тартылмақ.

"Оларды ешкім жасырмайды. Бірақ тағы бір мәрте айта кетейін, әскери азаматтар өз міндеттерін атқарды", - деді Ермекбаев.

Министр екі аптаның ішінде Арыстағы қару-жарақтарды басқа жерге көшіру жұмыстары басталатынын да алға тартты.

Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін барлық әскери бөлімде тағы бір тексеру жұмыстары жүргізіледі.

"Негізі, ондай тексерістер тұрақты түрде жүргізіледі. Арыста да бірнеше тексеріс болды. Сол кезде біршама кемшілік анықталған. Бірақ басым бөлігі жойылды. Соған қарамастан, мен барлық гарнизон бойынша тағы бір тексерісті өткізуді ұйғардым", - деді министр.

Ол негізгі мақсат – елді мекендерге жақын жерлерде артиллериялық снарядтарды қалдырмау екендігін баса айтты.

Ермекбаев ондай жерлерде тек күзетке арналған оқ-дәрілер ғана қалатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
9
2
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel