Ермекбаев Арыстағы арсенал толығымен қашан шығарылатынын айтты
Опубликовано:
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы әскери қару-жарақтарды ауыстыру туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр осыған сәйкес мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар екендігін еске салды.
"Қару жарақты көшіру туралы Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысының тапсырмасы бар. Екі апта ішінде оқ-дәрілерді көшіру басталады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қаржы осы (үкімет - ред.) резервтен қарастырылады", - деп хабарлады Ермекбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803071-ermekbaev-arystagy-arsenal-tolygymen-kasan-sygarylatynyn-ajtty/