Аралдық емші бала Ерболсын енді тойда ән айтып, ақша табуға көшкен (видео)
Жарияланған күні:
"Үкілі емші бала" атанып, елді шулатып үлгерген Ерболсын Серікбаев енді тойда ән айтып, көпшіліктің көзіне түсті. Бозбала видеоны өзінің Instagram парақшасына жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбеге көшіп, колледжде оқып жатқан емші баланың видеосы желіде қызу талқыға түскен.
"Сен өзің емшісің бе? Әншісің бе?", - деп оқырмандардың бірі сауал да жолдаған.
Ал Ерболсын болса желі қолданушысының бұл сұрағын жауапсыз қалдырмай, пікір қалдырды.
"Емшілік қонған адамның бойында әртүрлі өнер болады. Сондықтан сынамаңыз", - деді аралдық жігіт.
Тіпті желі қолданушылары арасында Ерболсын Серікбаевтың дауысына таңғалғандар да табылды.
"Өте керемет", "Жарайсың", "Дауысың керемет", "Өзіңе Алла жар болсын", "Талабың өрге бассын", "Өнерлі жігіт екенсің", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін Ерболсын Серікбаев көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803888-araldyk-emsi-bala-erbolsyn-endi-tojda-n-ajtyp-aksa-tabuga-ksken-video/