Аралдық емші бала Ерболсын енді тойда ән айтып, ақша табуға көшкен (видео)
Опубликовано:
"Үкілі емші бала" атанып, елді шулатып үлгерген Ерболсын Серікбаев енді тойда ән айтып, көпшіліктің көзіне түсті. Бозбала видеоны өзінің Instagram парақшасына жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Ерболсын Серікбаев. Фото: alashinform.kz, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ Ерболсын Серікбаев. Фото: alashinform.kz, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/52b2b3f4b19d57b8.jpeg)
Ақтөбеге көшіп, колледжде оқып жатқан емші баланың видеосы желіде қызу талқыға түскен.
"Сен өзің емшісің бе? Әншісің бе?", - деп оқырмандардың бірі сауал да жолдаған.
Ал Ерболсын болса желі қолданушысының бұл сұрағын жауапсыз қалдырмай, пікір қалдырды.
"Емшілік қонған адамның бойында әртүрлі өнер болады. Сондықтан сынамаңыз", - деді аралдық жігіт.
Тіпті желі қолданушылары арасында Ерболсын Серікбаевтың дауысына таңғалғандар да табылды.
"Өте керемет", "Жарайсың", "Дауысың керемет", "Өзіңе Алла жар болсын", "Талабың өрге бассын", "Өнерлі жігіт екенсің", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін Ерболсын Серікбаев көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803888-araldyk-emsi-bala-erbolsyn-endi-tojda-n-ajtyp-aksa-tabuga-ksken-video/