"Пәк қыз болдым": Экс-депутат бұрынғы жігіті үшін төсін үлкейткенін мойындады
Жарияланған күні:
Көпшілікке подиумдағы жалаңаш кеудесімен танылған Динагүл Тасова пластикалық отаны бұрынғы жігіті үшін жасатқанын мәлім етті. Экс-депутат әрі модель кеудесін үлкейту арқылы өзіне деген сенімділікті қайтармақ болған деп жазады Нұрсұлтан Құрманның бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бойжеткен сұхбат барысында бұрынғы жігітімен бірге тұрғанын да жасырмай айтып берді.
"Негізі бетімде ештеңе өзгермеген. Мүлдем ештеңе жасатпадым. Тек қана кеуде жасаттым. Мен айттым ғой, жүріп жүрген жігітім болды деп.
Маған кішкене көңіл бөлмей қойды. Бірге тұрдық. Соңғы бір жылдары бөлек ұйықтайтынбыз. Кішкене интимный болса да.... Бөлек ұйықтайтынбыз.
Шынын айтатын болсам, ешкім сенбейді. Сосын кінәні өзімнен іздей бастадым. Неге отбасы болып, жақсы болып кете алмаймыз деп.
Жақсы көріп тұрған адамыңды жақсы көріп, еркелеткің келеді. Аймалағың келеді деген сияқты мәселе ғой. Мен кәдімгідей онымен отбасы болғым келді.
Мен ол жігітке дейін пәк қыз болғанмын. Ол менің алғашқы жақсы көрген жігітім.
Оны үйімдегілермен танысып, екі жақты білісіп, солай бірге тұрамыз деген шешім қабылдағанбыз. Бірақ, өкінішке орай, оны көбісі дұрыс түсінбейді.
Осы жағдайды ескере отырып, өзім кеуде жасатқым келді. Бұрынғы кеудем де кішкентай емес. Бірақ үлкен кеудені жақсы көремін.
Екіге айырылдық. Тек кеуде қалды. Кеудені өзім үшін жасатқым келді.
Көйлек кисем, тек кеуде тұсы бос болып қалатын. Армандап, қызықтым", - деді ағынан жарылған Динагүл Тасова.
Естеріңізге сала кетейік, Динагүл Тасова өткен жылы кеудесі жалаңаштанған суреттерімен танылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803923-pk-kyz-boldym-eks-deputat-bryngy-zigiti-sin-tsin-lkejtkenin-mojyndady/