RU

Арыста жергілікті тұрғындар бір күнде 67 млн теңгеге сауда жасады

Жарылыс орын алып, күллі елді дүр сілкіндірген Арыста жергілікті тұрғындар бір күнде 67 млн теңгеге сауда жасады деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда нарық бағасынан 30% жеңілдікпен 200 тоннаға жуық өнім сатылымға шығарылды. Нәтижесінде арыстықтар бұл өнімдерді түгелімен сатып алған. Яғни, тұрғындар 67 млн теңгеге сауда жасады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетейік, Түркістан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке қаладағы жарылыстан соң  осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, қалада төмендетілген бағадағы жәрмеңке жағдай тұрақталғанша тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804522-arysta-zergilikti-trgyndar-bir-knde-67-mln-tegege-sauda-zasady.html