Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста жергілікті тұрғындар бір күнде 67 млн теңгеге сауда жасады

Опубликовано:

Жарылыс орын алып, күллі елді дүр сілкіндірген Арыста жергілікті тұрғындар бір күнде 67 млн теңгеге сауда жасады деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда нарық бағасынан 30% жеңілдікпен 200 тоннаға жуық өнім сатылымға шығарылды. Нәтижесінде арыстықтар бұл өнімдерді түгелімен сатып алған. Яғни, тұрғындар 67 млн теңгеге сауда жасады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетейік, Түркістан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке қаладағы жарылыстан соң  осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, қалада төмендетілген бағадағы жәрмеңке жағдай тұрақталғанша тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804522-arysta-zergilikti-trgyndar-bir-knde-67-mln-tegege-sauda-zasady/

pixel