Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде әншілерге фонограммамен ән айтуға шектеу қойылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Әншілердің фонограммамен ән айтуын шектейтін заң жақын арада қолданысқа енгізілуі мүмкін. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет туралы заңға осындай өзгерістер енгізуді ұсынған деп хабарлайды 31 арна.

Фото: oz.com.ru
Фото: oz.com.ru: Instagram

Жанды дауыспен ән салып, халықаралық ән байқауларынан жүлдемен оралған жас әншілерді қабылдаған мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заңға осындай өзгеріс ұсынып отырғандарын айтып берді.

"Фонограмманың әр түрі болады. Біздің министрліктің көзқарасы бойынша, өнер таза болуы керек.
Сондай-ақ эстрадада ән жанды дауыспен айтылуы қажет", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, осыған дейін мұндай бастаманы бірқатар өнер жанашыры көтеріп, кейін қоғамның қолдауына ие болған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805637-ner-taza-boluy-kerek-elimizde-nsilerge-fonogrammamen-n-ajtuga-sekteu-kojyluy-mmkin/