Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында инспекторларға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Жарияланған күні:

Ақмола облысында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com
Иллюстрациялық фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облыстық ПД қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында орман шаруашылығының қызметкерлеріне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталған.

"Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы баласы полициядан жасырыну мақсатында автокөліктен құтылмақ болған. Алайда, полиция қызметкерлерінің ширақ қимылының арқасында күдіктілер Қостанай облысының аумағында ұсталды", - деп хабардар етті полцицияның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 23 шілдеде шамамен сағат 11-де "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған.

Заң бұзушылардың ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атылған. Салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмса, 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық ауруханаға жатқызылған еді.

Осыған орай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алынды. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдік қызмет нарядынан күдіктілердің көлігіне тұспалдау берілді. Жарқайың және көрші аудандардың аумағында 10 блок бекет қойылған болатын.

Сондай-ақ бұл істі ҚР Ішкі істер министрі мен Ақмола облыстық ПД басшысы өз бақылауына алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған инспектордың отбасына көңіл айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажеттігін, қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатынын, ал жарақат алған С.Оспановтың сауығып кетуін тілейтінін жеткізген.

Айта кетейік аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806854-akmola-oblysynda-inspektorlarga-sabuyl-zasagan-kdiktiler-staldy/