RU
Головкин ресейлік боксшының өліміне қатысты пікір білдірді (видео)

Головкин ресейлік боксшының өліміне қатысты пікір білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Генадий Головкин ресейлік боксшысы Максим Дадашевтің өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dadashev_m, gggboxing

Фото: Instagram/dadashev_m, gggboxing

Бұл туралы қазақстандық боксшы TMZ-ге берген сұхбатында айтты.

"Бұл барлығымыз үшін күтпеген жаңалық болды. Бұның бәрі бокс үшін сұмдық жағдай. Мен бұл жігітті барлығы секілді қолдадым. Оны көбісі білетін...
Оның ата-анасының қандай жағдайда екенін елестетудің өзі қиын. Алдағы уақытта осындай жайттар болмас үшін бокста бірнәрсені өзгертуге бола ма? Бұл мүмкін емес. Иә, оны қайтара алмаймыз... Бұл өмір. Менің сөзім жоқ", - деді Головкин.

Еске сала кетсек, Максим Дадашев 19 шілде күні АҚШ-та пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездесу өткізді.

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін спортшы кездесуді 11-ші раундта тоқтатуға мәжбүр болған.

Жекпе-жектен кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскендіктен, спортшыны тез арада ауруханаға жеткізілген.

Боксшыға екі сағат бойы ота жасалған. Алайда ол ауруханада көз жұмды.

Спортшының жұбайы желіде марқұм күйеуіне арнап, жазба қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel