jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шоколад қосылған құрт жасайтын түркістандық келіншек туралы не білеміз?

: Instagram

Түркістандық келіншек Мақпал Жазыбекова құрт өнімінің түр-түрін жасап, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сиыр сауу күнделікті жұмысына айналған әйел құрттың мәзірін әлеуметтік желіден үйреніп алған деп хабарлайды Ernur.kz.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram

Бүгінде Мақпалдың жасаған құрттарына жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары. Дәмі де ерекше.

Әсіресе, шоколад пен балқаймақ қосылған құрт көпшілікке таңсық дүние болғандықтан тұтынушылары да көп.

Түркістандық келіншектің айтуынша, ол алғашында сиыр сауудан қатты қорыққан. Қазір үйреніп алғанын айтады. Сауданы да дәл осылай бастаған.

Тәуекелге бел буған Мақпал Жазыбекова бүгінде кәсібінен несібесін тауып отыр.

Айта кетейік, оның құрттарын Түркістан қаласының тұрғындары көп тұтынады екен.

Ерекше құрт сататын келіншек алдағы уақытта кәсібіне жаңа атау беріп, кеңейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ сатылу аймағын ұлғайтуды да жоспарлап қойған.

Шоколад қосылған құрт жасайтын түркістандық келіншек туралы не білеміз?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.