Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы қыз үшін әйелі мен баласынан бас тартқан азамат бақытты екенін айтты

Жарияланған күні:

Есімі жасырын болып қалған ер азамат Instagram-дағы astana__forum парақшасында 18 жастағы ғашығы үшін өзінің жұбайы мен баласын тастап кеткенін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ravishly.com
Көрнекі фото: ravishly.com: UGC

Ер азамат жұбайының дүниеге сәби әкелгеннен кейін бірден толып кеткенін сөз етті. Әйеліне сезімі суыған жігіт 18 жастағы бойжеткенді сүйіп қалған.

"Әйелім босанғаннан кейін артық салмақ қосып, біраз толып кетті. Оның бұрынғы қалпына келуі үшін спортзалға баруын сұрадым. Ол бас тартты. Оған барынша көмектесуге тырыстым. Мен әйеліме оны ешқашан тастамайтынымды айтып уәде беретінмін. Бірақ жүрекке әмір жүре ме? Күтпеген жерден 18 жастағы қызды кездестіріп, шын сүйіп қалдым. Әйеліме бірден бәрін түсіндіріп айттым. Ол мінезі жайсаң, керемет жан. Мені барынша түсінуге тырысты. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Оны сүйгеніммен бірге өткізгім келді", - дейді жігіт.

Бар табысын бұрынғы әйелі мен баласына жұмсаған ер азамат жағдайының нашарлағанын сөз етті. Алайда оның сөзінше, ол сүйгеніне қосылғандықтан, өмірдің бар теперішіне төтеп бере алады екен.

"Қазір сүйіктіммен біргемін. Келіншегіммен айырылысқаннан кейін балама үш күн сайын барып тұрамын. Пәтерді де соларға қалдырдым. Барлық керек-жарағын алып беремін. Сүйіктіммен баспана жалдап тұрып жатырмыз. Ол да мені барынша қолдап, түсінуге тырысады. Күнделікті шығындарымызды жабуға көмектеседі. Жағдайымыз керемет болмаса да, шынымен бақыттымын. Таңдауыма өкінбеймін ", - дейді кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808955-18-zastagy-kyz-sin-jeli-men-balasynan-bas-tartkan-azamat-bakytty-ekenin-ajtty/