RU
Атырау тұрғынын сарышаян шағып алған (фото)

Атырау тұрғынын сарышаян шағып алған (фото)

Рассказать Вконтакте

Атыраудың Ария Ким есімді тұрғыны әлеуметтік желіде өзін сарышаян тістегенін, артынша аяғының жансызданып қалғанын айтты. Ол болған оқиға туралы Facebook-тегі "Врачи Атырау - у кого и где лечиться" тобында хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зардап шегуші желіде өзін шаққан сарышаянды көрсетті.

"Оң аяғым бір минуттай жансызданып қалды, шаққаннан ба әлде алған шоктан ба бойымда әлсіздік бар, дәлірек айтсам, шаққан орны ауырып тұр, жедел жәрдем келді, спиртті компрессор жасау керектігін айтты", - деді ол.

Сондай-ақ, Ария шаян шаққанда қалай емдейтінін және ол қаншалықты қауіпті екендігін сұрады.

Желі қолданушылары жазбаның астына бұл Атыраудағы сарышаяндардың адамға бірінші рет шабуылдауы еместігін айтып, пікір қалдырған.

Сондай-ақ, желідегілер өз қалаларында сарышаяндарды жиі көретіндерін айтқан.

"Бір-екі күн бұрын құрбымды сарышаян шағып алды, оның үш күн бойы дене қызуы көтерілді, оған да ешқандай ем жазып бермеді", - деп Taganbayeva Akmaral пікір жазды.

Желі қолданушылары уайымдайтын ештеңе жоқ, бәрі жақсы болады деп әйел адамды сабырға шақырды.

Еске сала кетейік бұған дейін Шымкент тұрғындары қарақұрттың шабуылдап жатқанын айтып, шағымданған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel