Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғындары қарақұрт шабуылынан зардап шегуде

Опубликовано:

Шымкент тұрғындары қарақұрт құрбанына айналып жатыр. Бүгінде өрмекшіден зардап шеккендер саны 23-ке жеткен деп жазады Vera.kz.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Гипербариялық оксигенация орталығында ауруханаға көбіне қала шетінде өмір сүретін тұрғындар түсетінін айтты.

"Бізге жәбірлнушілер түнгі уақытта көп түседі. Себебі, олар көбіне түнгі екіден кейін шағады. Қарақұрттар далада ұйықтайтын адамдардың төсектеріне кіріп кетеді", -деді токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Әзірге қарақұрт шабуылынан тек ер азаматтар зардап шеккен.

Дәрігерлердің айтуынша, тістеу бірден сезіледі, бірақ өте қауіпті салдары белгілі бір уақыттан кейін көрінеді.

Зардап шеккен адамның буындары ауыра бастайды, содан кейін ол кеудеге қысым көрсетеді, артынша оған ауа жетпейді.

Дәрігерлер азаматтарға үйде ұйықтауға кеңес береді, ал егер далада ұйықтауға тура келсе, онда қойдың терісін жақын жерге төсеп, ұйықтайтын орынды қауіпсіздендіруге болады. Сарапшылар қой терісінің иісі өрмекшіні үркітеді дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807813-symkent-trgyndary-karakrt-sabuylynan-zardap-segude/

pixel