Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылдап созбаймыз": Депутат әйелдерге қатысты зорлық үшін жазаны қатаңдату туралы айтты

Опубликовано:

Соңғы уақытта БАҚ беттерінде әйелдерге қатысты зорлы-зомбылық жайлы жаңалықтар қаптап кетті. Бұған дейін "Тұлпар-Тальго" жолсеріктеріне тағайындалған жазаға келіспей, өз ойын ашық білдірген мәжілісмен Нұржан Әлтаев мұндай қылмысқа баратындарға қатысты жазаны қатаңдату мәселесін "жылдап созбайтынын" жеткізді деп жазады «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сотталған жолсеріктер. Фото: "Костанайские новости"/Сергей Миронов. Ксения Ашигалиева. Фото: Фото: facebook.com/NeMolchiKZ. Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко/Диана Снегина
Сотталған жолсеріктер. Фото: "Костанайские новости"/Сергей Миронов. Ксения Ашигалиева. Фото: Фото: facebook.com/NeMolchiKZ. Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко/Диана Снегина: UGC

Жақында әнші Ксения Ашигалиева күйеуі оны өз еркінен алып қашып, аяусыз соғып тастағанын жайып салған болатын. Нәтижесінде, Бауыржан Ашигалиев тергеу уақытына екі айға қамауға алынды.

Одан кейін, оңтүстік астанада танымал психолог Светлана Божконың белгісіз азаматтың шабьуылына тап болғаны белгілі болды. Бейтаныс ер адам оның бетіне кастетпен соққы жаудырып, оны адам танымастай соғып тастаған. Ер адам тұтқындалды.

Оған қоса, Қостанайда "Тұлпар-Тальго" жолсеріктеріне шығарылған үкімге қатысты наразылық та басылар емес. Көпшілік Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бара жатқан жолаушы қызды зорлаған екі жігітке тым жеңіл жаза тағайынжалды деп септейді. Ер адамдар екі жарым жылға сотталған.

Бұл тұрғыда мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев өзінің Facebook парақшасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық үшін тағайындалатын жаза мәселесін көтерген болатын.

Телеарна журналистері мәжілісменмен Skype арқылы байланыс, бірқатар сұрақ қойып үлгерген. Әңгіме барысында ол зорлықтың бұл түріне қатысты жазаны қатаңдату керектігін айтқан.

"Мұндай қылмыстыр аса ауыр қылмыстар қатарына өтуі керек. Оған қоса, ол үшін тағайындалатын жазаның да іс-әрекеттеріне сай болуы қажет. Менде Алматыда бірқатар заңгерлермен құқыққорғаушылармен кездесулерім өтеді. Мен бұған дейін ұсынылыған өзгерістерді қарап шығамын. Соларға қарап, мүмкін, жаңа ұсыныстарды жасап шығарамын. Біз жылдап слзбаймыз, жақында бәрін іске асырамыз" , - деді Әлтаев.

Автор: А. Онербаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809150-zyldap-sozbajmyz-deputat-jelderge-katysty-zorlyk-sin-zazany-katadatu-turaly-ajtty/

pixel