Алматыда танымал психологты өз үйінің алдында адам танымастай сабап тастады
Жарияланған күні:
Алматыда танымал әйелдер психологы Светлана Божконы өз үйінің ауласында сабап тастады. Белгісіз адам келіншекке кастетпен соққы жаудырған. Бұл жантүршігерлік оқиға жайлы Светлананың құрбысы Ирина Кальницкая өз Facebook парақшасында хабарлап, көпшіліктен көмек сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кальницкая құрбысына шабуыл жасаған ер адам Светлананың аулада жалғыз өзі әрі итсіз болатынын білген сыңайлы деп жазды. Азамат қорғаусыз әйелді үнсіз ғана кастетпен соғып тастаған.
Соққы астында қалған психолог бас сүйек-ми жарақатын алып қалды. Оған қоса, келіншекте жұмсақ тін гематомалары анықталып, жағы мен бет сүйегі сынған. Иринаның айтуынша, Светланаға екі ота жасалды.
Бәрінен де әйелдің мұрны қатты зардап шеккен. Соққы астында қалған келіншектің құрбысы ер адам кастеттің көмегімен оны адам сенгісіз күйге келтіргенін айтып отыр.
"Бірінші соққыдан кейін бұзақы тепе-теңдік сақтай алмай, көлікке сүйеніп тұрған. Нәтижесінде саусақтарының ізін қалдырып кеткен " , - деп жазды Ирина.
Кальницкаяның жазуынша, Светлана көршісінің арқасында аман қалған. Әйел даладағы айқайды естіп, бірден көмекке жүгірген. Алайда, ол шабуылдаған ер адамды көріп үлгермеген.
Психологтың құрбысы шабуыл жасаған азамат бұған дейін қарақшылық үшін үш мәрте жауапкершілікке тартылғанын жазды.
"Жеке кездесуде сотталған рецидивист (қарақшылық үшін) өзінің кінәлі емес екенін айтып, "бұзақылық" бабы бойынша бостандыққа жіберілген. Оның бұл әрекетке баруына не себеп болғаны әлі де белгісіз. Қылмыскер үйге де, көлікке де кіре алған. Алайда, оны материалдық дүние қызықтырмаған" , - деп жазды Кальницкая.
Әйел адам азаматтың қандай себеппен бұл іске барғанын түсінер емес. Ирина бұл қылмыс тергеліп, тексерілмей қалады деп уайымдауда.
"Ең сорақысы, әйелдің адам танымастай түрі, бұзылған психика біздің заңнама бойынша тек бұзақылық деп қарастырылады. Жерге темекі тастау мен адамды жарақаттау тек қана жауапкершілік" , - деп жазды Ирина.
Полиция өкілдері оқиғаға қатысты мәлімдемені кейінірек жасайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808738-almatyda-tanymal-psihologty-z-jini-aldynda-adam-tanymastaj-sabap-tastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.