RU
"Шап, тоқтамай": Күйеу баласына тілегін айтқан Төреғалиға ел сүйсінді (видео)

"Шап, тоқтамай": Күйеу баласына тілегін айтқан Төреғалиға ел сүйсінді (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде Төреғали Төреәлінің болашақ күйеу баласы Дархан Нортаевпен кездескен сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазбада атышулы әнші қарындасына үйленуге ұсыныс білдірген жігітке ақ тілегін арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nortayevjj/farizatoreali/jj_kaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/nortayevjj/farizatoreali/jj_kaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдызды қайын ағасымен бірге атқа мініп, жарысқан видеосын Дарханның өзі Instagram парақшасында жариялаған. Онда бейнекамераны қолына ұстаған Төреғали спортшы күйеу баласына риза болып, оған ағалық тілегін жаудырған.

Фаризаның ағасы мен болашақ жолдасының кездесуінің қалай өткеніне қарап, қайын аға мен күйеу баланың арасында жақсы қарым-қатынас орнағанын айтуға болады.

"Дарханчик, бауырым. Шап, тоқтамай. Өмірде жолың болсын. Спортта жолың болсын, бауырым. Мен саған тілекшімін. Қаққан қазықтай әдемі отырасың атқа. Жарайсың, бауырым. Шаба бер. Біргеміз" , - деп айтқан әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің биыл ғана мектеп бітірген қарындасына сүйіктісі ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз. Желі қолданушылары жұлдызды әулеттің күйеу баласы әлем чемпионы болуы мүмкін деген болжам жасап үлгерген.

Оған қоса, Дархан Нортаев Төреғалимен кездесіп танысқан сәтінен фото жариялаған. Ол қайын ағасымен танысу үшін Алматыға арнайы ұшып келген.

Сіздің реакцияңыз
11
1
1
1
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel