"Қазақстанның киберқалқаны": ҰҚК қауіпсіздік сертификатының не үшін қажет екенін нақтылады
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде мемелкеттік қауіпсіздік сертификатын енгізудің мән-жайын және оның не үшін қажет екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҰҚК-де қауіпсіздік сертификатының 2015 жылы жасалғанын, алайда ол кезде мақсатты бағдарламаның болмағанын еске салды.
2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік сертификаты бар "Қазақстанның киберқалқаны" атты бағдарламаны құруды тапсырды.
Ведомство хабарланғандай, аталған сертификат қазақстандықтарды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтар және өзге де киберқауіптерден қорғау үшін құрастырылған.
ҰҚК мысал ретінде 2016 жылы әлеуметтік желіде тараған "Көгілдір кит" (өз-өзіне қол жұмсауға апаратын) ойынын келтірді.
"Әлеуметтік желілердің басшылары жағдайды басқара алған жоқ, ал бізде аталған ақпаратты бұғаттауға мүмкіндік болмады", - деп нақтылады комитетте.
ҰҚК-нің мәліметінше, қауіпсіздік сертификатын отандық мамандар құрастырған, шетелдік мамандардың оған қатысы жоқ.
"Біз техникалық тұрғыдан бірегей және Қазақстанның ерекшелігіне сай құрастырылған "Қазақстан киберқалқанын" салудамыз. Ол киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік ең үздік вендорлардың шешімін қолданады және қытайлық вендормен ұқсастығы жоқ", - деп нақтылады комитетте.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар қауіпсіздік сертификатын орнату туралы смс хабарлама алған еді. Бұған қатысты мамандардың пікірі екі жақты болды. Көбісі "аңду" және соған ұқсас жағдайларды айтып, уайымдай бастады.
Цифрлық даму және инновациялы аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі ұлттық қауіпсіздік сертификатының тиімді жақтарын айтып, қазақстандықтарды сабырға шақырды.
Бас прокуратура да жаңашылдықтар туралы айтып өтті. Қадағалау органында мемлекеттің жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға, жазбаларға қол сұқпайтынына сендірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809277-kazakstanny-kiberkalkany-kk-kauipsizdik-sertifikatyny-ne-sin-kazet-ekenin-naktylady/