Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин ресми түрде чемпиондық атаққа таласатын болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті ресми түрде алды. IBF қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиндық Сергей Деревянченкоға арнайы шақырту хатын жіберіп, оларға ұйымның титулы үшін болатын жекпе-жекті міндеттеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: Facebook

5 тамыз күні IBF ресми түрде Головкин-Деревянченко жекпе-жегі туралы нақты шешім қабылдады.

Бұл туралы белгілі америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэль өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Дереккөздерге сәйкес, IBF дүйсенбі күні таңертең Деревянченко мен GGG арасындағы титулдық жекпе-жекті өткізуді міндеттеді", - деп жазды ол.

30 күн ішінде екі тарап кездесу туралы бір мәмілеге келу керек. Боксшылар жекпе-жектің болатын күні мен өтетін орнын анықтауы тиіс.

Бокс кеші төртінше немесе бесінші қазанда өтуі мүмкін деген болжам бар.

Sports.kz жазуынша, жекпе-жек Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде өтуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Сауль Альварес IBF чемпионы титулынан айырылған болатын. Енді, аталған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин бақ сынаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1809414-golovkin-resmi-trde-cempiondyk-atakka-talasatyn-boldy/

pixel