RU

Ресейдегі жойқын жарылыстан зардап шеккендер саны 12-ге жетті

Кеше, 5-тамызда Ресейдің Красноярск аймағындағы әскри бөлімдегі жарылыстан зардап шеккендер саны 12-ге жетті деп хабарлайды РИА Новости.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: Facebook
Басылымның жазбасында жарылыстан 12 адам зардап шекті делінген. Олардың ішінде әскер қатарындағылар, жергілікті тұрғындар, өрт сөндірушілер бар.

Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Медицина қызметкрелерінің сөзінше, азаматтардың жарақаттары орта деңгейлі.

Естеріңізде болса, танк снарядтары сақталған әскери қоймада төтенше жағдай орын алғанын жазған болатынбыз. Куәгерлер оны атом бомбасы жарылғандай болды деп сипаттады.

Кейінірек, жарылыстан жеті адам зардап шеккендігі белгілі болып, тұрғындарды жаппай эвакуациялау жұмыстары жүрген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809454-resejdegi-zojkyn-zarylystan-zardap-sekkender-sany-12-ge-zetti.html