RU
Түркістан облысының тұрғыны белгісіз тіршілік иесін өз көзімен көргенін жайып салды

Түркістан облысының тұрғыны белгісіз тіршілік иесін өз көзімен көргенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе ауылының тұрғыны Насырулла Мұсабеков емделіп жүрген ауруханасында албастыны көргенін айтып берді деп жазады Замана басылымы.

Насырулла Мұсабеков, Көрнекі фото: pixabay.com

Насырулла Мұсабеков, Көрнекі фото: pixabay.com

Састөбе тұрғыны тіршілік иесін ауруханада жатқан кезде кездестіргенін баяндады. Оның сөзінше, албастыны оның жанында жататын жігіттер байқап қалыпты.

"Мен ол кезде өкпеме қатты суық тиіп, қазіргі Т.Рысқұлов ауылындағы ауруханаға түскен едім. Сонда албасты сияқты тіршілік иесін көзбе-көз көрдім.
Ауруханада аптасына бір мәрте "мылқау кино" көрсетеді. Бір күні сондай кинодан соң ұйқыға дайындалып жатқанбыз. Кенет жанымдағы бала: "Ойбай, ананы қара!" – деп үрейлене ай­қайлап жіберді. Ол нұсқаған жақтағыны көргенде есім шығып кетті. Терезеден бізге жалаңаш денесін бастан-аяқ жүн басқан адам тәріздес бір тіршілік иесі үңіле қарап тұрған еді", - дейді тұрғын.
Ұл балалар ойбайлап қыздар жататын палатаға қалай қашып кіргені­мізді де білмей қалдық. Енді бізбен олар қосыла шулап, аурухананы басқа кө­тердік. Шуды естіп медбике жүгіріп келді. Бұл кезде әлгі тіршілік иесі бізге енді қыздар палатасының терезесінен қарап тұрған еді.
Зәре-құты қалмаған медбике телефонға жүгірген кезде алып-ұшып бас дәрігер де жетті. Бізге: "Шуламаңдар! Ешқайда да шықпаңдар!" – деді де, медбикеге қарап: "Тез үлкендерге хабарла! Қолдарына іліккенін алып осында жет­сін!" – деді. Өзі қолына қанжар сияқты үлкен пышақ ұстап алған", - деп есіне алды Мұсабеков.

Ер адамның сөзінше, келіп түскен қоңыраудан кейін үлкендер де жиналып, албастыға қарсы шықпақ болған.

"Бәрі әлгі тіршілік иесіне қарай жүрді. Оның бойы ұзын, денесі ірі екен. Үсті-басын түгел жүн жапқан. Көзі шүңірейген. Мұрны пұшық сияқты, тесіктері үңірейіп тұр, кеңсірігі ішкері біткен. Сөйлемейді, айбат шеккенде ырылдаған сияқты дыбыс шығарады.
Өзі қашып құтылу жағын ойламайтын да сияқты. Ұмтылса, ұрса, адамдардың ту-талақайын шы­ға­руға күші жетердей, бірақ өзіне сермел­ген соққыны қайтарудан әрі аспайды. Дегенмен адамдар батылданып, ұм­тыла бергесін әлгінің беті қайтайын деген сияқты. Ақырын бұрылды да, баудан шығып, тауға қарай бет алды", - дейді ол.

Кейіпкер болған оқиғадан кейін бас дәрігердің әлденені білетінін, алайда, ешкімнің сұрағына жауап бермей тұрғанын байқаған. Дегенмен араға тек 11 жыл салғаннан кейін Насырулла Мұсабеков албастының бұл ауруханаға үшінші рет келгенін білген.

"1975 жылы мен тағы да өкпемді қатты суықтатып алып, бұл жолы Шымкенттің Шмидт көшесіндегі туберкулезге қарсы диспансерге бардым. Сол жерде рентгенге түспек болғанда бұрын Састөбеде болған бас дәрігерді кездестіріп қалдым. Сонда жұмыс істейді екен. "Дмитрий Владимирович, есіңізде ме, 1964 жылы Састөбедегі ауруханаға адам тәріздес бір тіршілік иесі келген еді ғой?" – деп оқиғаны оның есіне түсірдім.
Ұмытпапты. "Е-е, ол оның ауруханаға үшінші мәрте келуі еді", – деп қалды. Содан қазбалап сұрай бас­тадым. Бірақ әлгі тіршілік иесі туралы біліп аламын деген дәмемнен нәтиже шықпады, дәрігер маған ештеңе айтпады. "Оны айтуға болмайды. Айтсақ, сотталып кете­міз", – деп өзінің каби­нетіне ке­ту­ге асықты", - дейді кейіпкер.

Сөз соңында Насырулла Мұсабеков белгісіз тіршілік иесін қыста көргенін, жалаңаш денесін жүн басқан ол қар үстімен адымдай ұзап бара жатқанын айты.

"Кейін іздерін өлшегенде адамдікінен кемінде екі есе үлкен екенін көріп тіпті де таңқалғанымыз есімде", - деп сөзін түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз
10
29
7
1
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel