RU
"Қытай тілін меңгеріп алған": Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

"Қытай тілін меңгеріп алған": Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Facebook/Сункар Нурмаганбетов

Фото: Facebook/Сункар Нурмаганбетов

Басылымның мәліметінше, Қазақстан азаматшасы қазіргі уақытта Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы түзету мекемесінде қамауда отыр.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметінше, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр.

Сондай-ақ, оның қытай тілін жетік меңгеріп алғаны белгілі болды.

"Көркем әдебиеттерді оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған. Түзету мекемесіндегі жағдайға қатысты шағымы жоқ", - делінген сыртқы істер министрлігінің Sputnik Қазақстан сауалына берген ресми жауабында.

Басылым Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері Гуанчжоудағы түрмеге барып, Тұрлыбайдың қал-жағдайын біліп тұратынын атап өтті.

Одан бөлек, ақшалай көмек көрсетіп, сұраған кітаптарын тауып беретінін де айта кетті.

Министрліктің ақпаратынша, қазір Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі ҚХР Гуандун өлкесі Жоғарғы халық сотының қарауында. Оған қатысты тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр

"Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында "Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің "Дахэн" адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
6
28
1
6
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel