RU
Қой-Таштағы жағдай: Атамбаев үйінің қасында қазір не болып жатыр?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қой-Таштағы жағдай: Атамбаев үйінің қасында қазір не болып жатыр?

Рассказать Вконтакте

Кеше Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. ҰҚМК ол жерде экс-президент Алмазбек Атамбаевты тұтқындау үшін арнайы операцияны іске асырмақ болған. Алайда, бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары арнайы жасаққа айтарлықтай тойтарыс берді. Сол себепті, құқыққорғау қызметкерлері кері шегінуге мәжбүр болды. Бүгін Атамбаевтың коттеджінің қасына тағы да адамдар жиыла бастады деп хабарлайды АКИpress басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: akipress.org. Коллаж: NUR.KZ

Фото: akipress.org. Коллаж: NUR.KZ

Басылымның мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары таң атысымен оның үйінің қасына жинала бастаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта олардың саны 500 адамнан асады.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Бұған дейін Қырғызстанның социал-демократиялық саяси кеңесінің мүшесі Фарид Ниязов Атамбаев та өз үйінде екенін мәлімдеген болатын.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Экс-президенттің коттеджінде кеше болған шабуыл кезінде ұсталған арнайы жасақ қызметкерлері де бар.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Қырғызстанның ІІМ хабарлауынша, тұтқынға алынған адамдар мен оларға қатысты ақпарат әзірге жоқ. Алайда ҚСДП саяси кеңесінің мүшесі Эрмек Окенов "Апрель" телеарнасының тікелей эфирінде алты спецназ сарбазының дәрігерлер бақылауында жатқанын мәлімдеді.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Оған қоса, ол Қой-Ташта әлі де байланыс пен интернеттің жоқ екенін жеткізді.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Сағат 11:00 шамасында Атамбаевтың үйінің алдында "Ұлттық штабтың" жиналысы өтуі тиіс. Бұрынғы президент жиылған көпшіліктің алдына шығады.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Фото: akipress.org.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel