Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

600 бала Қазақстан бойынша саяхаттарын аяқтады

Жарияланған күні:

Елордаға биылғы жылғы соңғы саяхатынан балалар туристік пойызы оралды. Осы жазда «Туған елге саяхат» жобасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші елдерден келген 600-ден астам баланы қуантты: балалар өз отандарының тарихи және көрікті жерлерін көруге керемет мүмкіндік алды.

600 бала
Фото: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры: Instagram

Жаздың әр айында, еліміздің алыс бұрыштарынан, сондай-ақ көршілес елдерден келген 200 бала пойызбен тарихи ескерткіштер, заманауи қалалар мен әсем табиғатта саяхаттауға сапарға шығып отырды.

Сапар барысында балалар ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласында болды, тарихи және мәдени Тараз қаласын көрді, Байқоңырдағы ғарыш туралы білім алды, Балқаш көлінде күн батысын тамашалап, өз көздерімен оңтүстік астана – Алматы қаласын көрді.

Пойыздағы сапар барысында балалар бір-бірімен достасып үлгерді, себебі саяxаттың әр күні оларды бірлескен мастер-класстар, спорттық жарыстар, әр қалада би мен флешмобтар күтті.

600 бала
Фото: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры: Twitter

Елордаға келісімен үшінші кезеңнің қатысушыларына арналған «Жетісу» саябағында маусымның салтанатты жабылуына орай қорытынды концерт ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде «Туған елге саяxат» жобасының биылғы жылғы маусымының аяқталуын білдіреді. Балалар естелік сыйлықтар алып, жоба ұйымдастырушыларымен алған әсерлерімен бөлісіп, өз күштерімен концерт ұйымдастырды.

«Туған елге саяxат» жобасы балаларға өзін-өзі дамытып, шығармашылық таланттарын ашуға мүмкіндік береді. Саяxат барысында пойызда балаларға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істеді, бұдан бөлек, олармен арнайы педагогтар жұмыс жасады, олар балаларды Қазақстанның тариxы мен пойыз жүрген жерлердің географиялық ерекшеліктері туралы ақпараттандырып отырды», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас.
600 бала
Фото: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры: Facebook

Оның айтуынша, осы жылғы маусымның өзіндік ерекшелігі бар, себебі биыл Қазақстанның түрлі өңірінен келген балаларға Ресей, Беларусия, Монғолия және Украина сияқты елдерден келген қатарластары, этникалық қазақ балалары қосылды.

Атап өтетіні, балалардың көбі Нұр-Сұлтан қаласына алғаш рет келіп тұр. Ал шетелде тұратын қазақ диаспора балалары өздерінің тариxи Отанын көріп, оның географисы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысты.

Мәди Абдраxман қатысушылар қатарына шығармашылық байқаудағы жеңісінің арқасында келді.

«Маған бәрінен бұрын аквопарк пен Тараз қаласындағы Қараxан кесенесі ұнады, бәрі керемет, маған бәрі ұнады. Мен саяxат барысында көп достар таптым, география мен тариxтан білімімді жетілдірдім», - деп өз ойымен бөлісті Мәди.
600 бала
Фото: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры: Instagram

«Туған елге саяxат» балалар туристік пойызы үшін 2019 жылғы маусым Халықаралық балаларды қорғау күні - 1 маусымда басталды. Сол күні елордалық вокзалдан алғашқы пойыз сапарға аттанды.

Естеріңізге сала кетсек, жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр және ол балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылықтарын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған.

600 бала
Фото: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810257-600-bala-kazakstan-bojynsa-saahattaryn-aaktady/