Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік жүргізушісі полицейді 200 метрге сүйреп әкеткен

Опубликовано:

Алматыда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырмақ болған тәртіп сақшысын көлік жүргізушісі екі жүз метрге дейін сүйреп әкеткен. Ер адам полицейге қарсылық танытып, қашпақ болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Оқиға Мақатаев және Пушкин көшелерінің қиылысында болған.

Басылымның мәліметінше, көлікті тұраққа қою ережелерінің орындалуын қадағалауға шыққан полицей қара кроссовердің жүргізушісіне жақындап, құжаттарын көрсетуді сұрайды.

Ер адам тәртіп сақшысының айтқанын орындаудың орнына, рөлді бұрып, газды басады.

Полицей көліктің есігіне жармасып үлгеріп, екі жүз метр жүргеннен кейін ұшып түскен.

Салдарынан инспектр әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Қазір көлік пен тәртіпбұзушы қала мен бүкіл облыс бойынша іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810417-almatyda-klik-zrgizusisi-policejdi-200-metrge-sjrep-ketken/

pixel