RU

Ыстықкөлде қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында қазақстандық жолаушылары бар автобус жолдан шығып, жыраға түсіп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: WhatsApp арқылы куәгерлер жіберген
Фото: WhatsApp арқылы куәгерлер жіберген: Depositphotos

Оқиға 11-тамызда кешкісін Тамчы ауылының аумағында болған.

"Қазақстандық туристер отырған автобус Бостеріден келе жатып, Lexus маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады АІІБ.

Милиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810466-ystykklde-kazakstandyk-turister-mingen-avtobus-apatka-syrady.html