Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз абысыны соққыға жығып, сәбиі шетінеп кеткен әйел жыларман күйге түсті

Жарияланған күні:

Тұрмыстағы келіншек абысынымен бір шаңырақ астында бірнеше жылдан бері тұрып келе жатқанын сөз етті. Оның айтуынша, ол ауыр мінезді әйелден таяқ жеп, ішіндегі 4 айлық сәбін жоғалтып алыпты деп хабарлайды Алаш айнасы басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күйеуімен сүйіп қосылған келіншек бір үйде қайын ағасының отбасымен бірге тұратынын атап өтті.

Оның сөзінше, ол өзінен бірнеше жас үлкен абысынының ерсі қылықтарын көріп келген.

"Жолдасым керемет жан, сөз жоқ. Сүйіп қосылдык. Бір шаңырақтың астында 8 жан тұрамыз. Мәселе абысынымда.

Өзі менен 7 жасқа үлкен. Үлкендігін еш көрсеткен емес осы 5 жылдың ішінде. Қайын ағам өте жуас жан. Атам мен жолдасым әскери қызметтегі адамдар. Түзде көп жүреді.

Абысыным енемді мүлде сыйламайды. Дауыс көтергені былай тұрсын, қол да көтеріп жатады. Оны атам мен күйеуім білмейді.

Енеме неге айтпайсыз десем, отбасында тыныштық сақтау міндетім деп қысқа қайырады", - дейді келіншек.

Абысынынан енесін арашалаймын деген әйел адам абайсызда бес жыл бойы аңсаған сәбиін жоғалтып алған

"Кезекті ұрыста енемді қорғаймын деп ұмтылғанымда абысыным мені итеріп жіберді, ішіммен үстелдың шетіне соғылдым.

Қансырап кеттім, сөйтсем ішімдегі 4 айлық балам шетінеп кетіпті. 5 жылда әрең көтерген нәрестем еді. Жолдасым екеуміз қатты қиналдық.

Шыдамай бәрін жайып салдым. Қайын ағам айырлысамын деп қоймайды, араларында 2 балапандары бар ғой. Екі ортада мен кінәлі болған сияқтымын", - дейді әйел адам.

Әйел адамға дәрігерлер енді бала көтере алмайтынын айтқан. Оның сөзінше, ол сәбидің иісін аңсаған жұбайының бағын байламай, еркіне жібермек екен.

"Ең сорақысы, маған енді бала көтере алмайсыз деген дәрігерлердің айтқаны жаныма қатты батты. Жолдасымды аяймын, бала көрсе көзі жәутеңдеп кетеді. Мен не істейін? Айырлысып оның бағын байламайын ба? ", - деп жұрттан кеңес сұрады кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810665-z-abysyny-sokkyga-zygyp-sbii-setinip-ketken-jel-zylarman-kjge-tsti/