RU
Жалаңаш аңшылар, шапанды Головкин: Мектеп оқулықтары ата-аналарды ашуландырды
Жаңалықтар Қоғам

Жалаңаш аңшылар, шапанды Головкин: Мектеп оқулықтары ата-аналарды ашуландырды

Рассказать Вконтакте

Жаңа оқу жылының басталуына 3 апта қалды. Ал мектеп оқулықтарының мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Ата-аналар, сарапшылар, тіпті, білім министрінің өзі кітаптардан қате табуын жалғастыруда деп хабарлайды "Хабар 24"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жыл сайын мектеп оқулықтарындағы қате: тарихи даталар, біртүрлі аудармалар, дұрыс қойылмаған екпіндер - қоғам арасында наразылық тудырады.

Бұл жерде ата-аналар мен оқытушылар өздері балаға дұрыс жауабын айтар деген сенім ғана қалады. Себебі үлкендердің өзі көп сұраққа жауап беруге қиналады.

7 сыныпқа арналған оқулықтардың бірінде "И-пывязка" туралы ертегінің неліктен солай аталғанын және оның не жайлы екенін түсіндіруді сұрайды.

Ата-аналарды көрнекі суреттері де ұялтатын көрінеді. Олардың пікірінше, темекі шегіп тұрған бала мен бизонды шабуылдаған жалаңаш аңшылардың бейнесі 6 сыныпқа арналған оқулықта болмауы керек.

Сонымен қатар, үлкендерді қазақстандық әнші МС Сайлаубек пен Головкиннің неліктен рингке шапан киіп шығатыны туралы сұрақтар да ашуландырды.

Нұр-Сұлтанның ата-аналар қауымдастығы кеңесінің хатшысы Татьяна Коршунованың айтуынша, қазақстандық мектеп оқулықтарында қателіктер көп.

ішінде грамматикалық, психолингвистік қателіктер, сондай-ақ тапсырмалардың дұрыс емес шешімдері де бар.

Айта кетейік, өткен аптада білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулықтарының құрастырушыларын сынаған болатын. БҒМ басшысы оқулықта қарапайым бірнеше қатені тапқанын сөз етті.

Осындай "қателіктердің" қайталанбауы үшін білім министрлігі оқулықтарға сараптама жүргізетін мемлекеттің үздік оқытушыларынан тұратын сарапшыларды даярламақшы.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel