Қытай футбол федерациясы 20 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында этникалық қазақ жігіт де бар деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылымның мәліметінше, Қытай жастар құрамасына шақырту алған 20 жастағы Елжан Шынарұлы Қытай суперлигасында өнер көрсететін "Шэньчжэнь" клубында ойнайды.
Алаңдағы орны қапталдағы қорғаушы.
Елжан Шынарұлы - 1999 жылы 6 маусымда Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында дүниеге келген.
2016 жылдан бастап Қытайдың Гуандун өлкесінде аладоптың қыр-сырын меңгерген.
Ол 2018 жылы алғаш рет "Шэньчжэнь" футбол клубының жастар командасында өнер көрсетіп, бір маусымда үш гол соғып, төрт голдық пас берген.
2019 жылдың алғашқы жартысында "Шэньчжэнь" клубының жастар командасында доп тепкен. Ал маусымның екінші жартысынан бастап клубтың негізгі құрамына алынған.
Елжан Қытай суперлигасындағы алғашқы ойынын 7 шілде күні "Хэбэй Илиньшаньчжуан" (1:1) командасына қарсы өткізді.
Алаңда 90 минут өнер көрсеткен Елжан Қытайдың ең жоғарғы лигасында алаңға шыққан алғашқы алғашқы қазақ ойыншысы атанды.
Айта кетейік, Қытай Суперлигасында өткізген алты ойыннан кейін футболшы сол елдің жастар құрамасына шақырту алып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1810840-kazak-zigit-kytaj-kramasyna-sakyrtu-aldy/