Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылдан шықтым, шетельская боп тұрмын": Ерке Есмахан елді күлдірді (фото)

Опубликовано:

Белгілі әнші Ерке Есмахан ойын орысша жеткізіп, желі қолданушыларымен қалжыңдасты. Оқырмандар өнер иесінің қарапайымдылығы мен шынайылығына тәнті болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan: Instagram

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Әртіс орыс тілінде ойын жеткізіп, тыңдармандарымен қалжыңдасты.

"Вот и заканчивается счастливое лето! Скоро осень, поэтому уже горячий ветер не будет туда-сюда бегать, а будет дождь" - деген әңгімеден жіберсең ұйқастыра алмай! Зачем орысша, когда есть қазақша?
Орысша онша сөйлемейтін ауылдан шыққанымды несіне жасырайын, но суретте шетельская боп тұрмын, да?! Қалайсыздар", - деді Ерке Есмахан.

Өнер иесінің жазбасын оқыған айтыскер Айнұр Тұрсынбаева да өз ойын қалжыңмен жеткізген.

"Это же, как это", деп күмілжіп қалатын кездерді айтсаңшы. Арасында "нуууу" деп қоясың "тисе терекке, тимесе бұтаққа", - деді ол.

Оқырмандардың басым бөлігі Ерке Есмаханның шынайылығы мен қарапайымдылығына риза болды.

"Керемет. Сіз өзге әртістерге қарағанда, шынайысыз", "Ерке өте қарапайымсың. Осы қасиетіңді халық жоғары бағалайды", "Шынайы сөздер", "Қазақ тіліне деген құрметіңіз үшін, алғысымды білдіремін", "Ақылды жансың", "Әңгімені жіберетін болыпсың", "Жақсы айттың. Маған өтті", "Жарайсың", -деді әртістің тыңдарманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810915-auyldan-syktym-setelskaa-bop-trmyn-erke-esmahan-eldi-kldirdi-foto/

pixel