RU
Жапонияда аптап ыстық: Жеті күн ішінде 23 адам қаза тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жапонияда аптап ыстық: Жеті күн ішінде 23 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Жапонияда елдің барлық жеріне тараған ыстық ауа-райынан 23 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 13 мың тұрғын ыстық өтіп, ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Токио қаласының тұрғындары ең көп зардап шеккен болып шықты. Бұл жердегі ауруханаға 1456 адам жеткізілген.

Бұдан бөлек, 977 жапондық азамат Саитама префектурасына, тағы 897 адам Оскак префектурасына жатқызылған.

ТАСС атап өткендей, мемлекеттің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 39 градусқа дейін жетіп тұр.

Зардап шеккендер мен жапа шеккендердің басым бөлігі - ауабаптағышты қолданбайтын егде жастағы адамдар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel