RU
"Әйелім боласың ба дедім": Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

"Әйелім боласың ба дедім": Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Өнер иесі болашақ жарына жүрегі мен қолын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде ұсынды деп хабарлайды Gakku арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Әнші ұсынысты қашан жасағанын айтып берді.

"Мейрамханалардың бірінде ұсыныс жасадым. Барлығы қарапайым болды. Менің әйелім боласың ба дедім де, сақина мен гүлді ұсындым. Ұсынысты жақында ғана жасадым", - деді Кентал.

Ол той көктемге қарай болуы мүмкін екенін де жасырмады.

Сондай-ақ, өнер иесі қалыңдығына арнап жаңа бейнебаян түсіретінін, алайда клипте сүйіктісі ойнамайтынын ашып айтты.

"Бейнебаян оған арналғанымен, ол түспейді. Себебі жеке өмір мен жұмысты араластырудың керегі жоқ. Менің ұстанымым осындай. Ол түсірілім алаңына келгісі келді. Бірақ мен оған отбасым мен жұмысымды байланыстырмаймын, үйде отыр деп айттым", - деп түсіндірді Кентал.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кентал жүрегін жаралаған аруды жолықтырғанын айтқан болатын.

Кейін әнші сүйгенін әріптесі Луинаның 32 жасқа толған туған күніне ерте барып, көпшілікке таныстырды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel