Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Емделушісі қайтыс болған шымкенттік сынықшы туралы көршілері айтып берді

Опубликовано:

Шымкентте сынған қолын емшіге барып емдеткен 13 жасар баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Іс "Абайсызда адам өлтіру" бабы бойынша тергелуде. Бірақ, сынықшының көршілері оның балаға қандай да бір зияны тигеніне сенбейді деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

43 жастағы Төреқұл емшінің аты тек Шымкент тұрғындарына танымал емес. Көршілерінің сөзінше, клиенттер оған тоқтамастан келеді. Көршілері ресми медицина көмектесе алмаған адамдарға сынықшының көмек көрсеткенін айтты.

Төреқұлдың жұбайы Ақмаралдың айтуынша, емшіге баланы анасы алып келген. Сынықшы баланың сол жақ қолын салып берген соң, әйел баласын ертіп үйіне кеткен.

Бірнеше күннен соң баланың жағдайы нашарлаған. Ата-анасы емшіні тағы да шақыртқан. Ол баланың үйіне барғанмен, оған көмектесе алмапты. Жедел жәрдем шақырған, алайда, дәрігерлер баланы құтқарып қала алмады.

Ақмарал журналистерді күйеуіне кіргізбеді. Оның айтуынша, емші болған жағдайға қатты алаңдаулы екен.

"Оған онсызда қиын. Біз күнде жедел жәрдем шақырамыз. Ол үлкен стресс алып, есеңгіреп отыр. Бала бұл жерде қайтыс болған жоқ, өзінің үйінде. Біз оған бардық, ол бұл жерге келген жоқ", - дейді әйел адам.

Төреқұлдың көршісі Бақытжан Жасұзақұлының айтуынша, өзі де емшінің қабылдауында болған. Сөзінше, барлық дәрігерлер бас тартса да, емші оның тізесіндегі аурудан айықтырған көрінеді. Сынықшы көршісі тізесінің ұршық сүйегін салып беріпті.

"Қолының сынғанынан өлген адамды мен ешқашан естіген де, көрген де емеспін. Мүмкін, басқа да себептері бар шығар.
Жеке өз басым көршіммен мақтанамын, ол көмектескен адамдарды өз көзіммен көрдім. Ол ешқашан біртіндеп емдемейтін, 5-6 адамды бірден қабылдайды. Сүйекті орнына қойған соң, үш күннен кейін жазылып кететін", - дейді Төреқұлдың көршісі.

Телеарнаның ақпаратынша, қайтыс болған баланың анасы ауруханаға мүлдем жүгінбеген.

Заңгер Төлеген Болтанов бұл жағдайда сұрақ баланың ата-анасына қойылуы және баланы қауіпті жағдай қалдырғаны үшін (ҚР ҚК 119-бабы) жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты.

"Баласының жағдайын көре тұра, олар баланы білікті дәрігерлерге емес, түсініксіз адамдарға алып барған", - деп таңқалды адвокат.

Баланың жерлеу рәсімі өтті. Оның өлімінің себебін енді тек сот-медициналық сараптама нәтижесі көрсетпек.

Егер емшінің кінәсі дәлелденсе, ол үш жылға қамалуы мүмкін.

Естеріңізге салйық, ұл бала 12 тамызда көз жұмды. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811256-emdelusisi-kajtys-bolgan-symkenttik-synyksy-turaly-krsileri-ajtyp-berdi/

pixel